СҚО-да жол апатына түскен ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастаған

Шілде 2, 2026 - 12:29
app_badging Шілде 2, 2026 - 12:31
chat_bubble  0 visibility  4
СҚО-да жол апатына түскен  ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастаған
Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болған жерде жолаушы жедел жәрдеммен келген медбикеге шабуыл жасап, оны ұрып соққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Чудесай өзені маңында болған. Lada көлігі жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.

Медициналық көмек көрсету барысында көліктегі жолаушылардың бірі агрессивті мінез көрсеткен. Полиция мәліметінше, 62 жастағы ер адам мас күйінде 37 жастағы медбикені аяқ-қолынан және іш тұсынан ұра бастаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қатаңдатылған.

Сондай-ақ көліктегі үш адамның да мас күйде болғаны анықталды. 62 жастағы жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0