Солтүстік Қазақстанда екі бала тамақтан уланып қайтыс болды

Маусым 14, 2024 - 15:26
chat_bubble  0 visibility  107
Солтүстік Қазақстанда екі бала тамақтан уланып қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында  бір отбасы астан уланып ауруханаға түсті. Өкініштісі екі бала көз жұмған. 

Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1