Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей қаза тапты

Қыркүйек 7, 2025 - 11:43
 0  184
Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей қаза тапты
Фото: instagram / @sadenov_online

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің учаскелік инспекторлары — полиция майоры Владимир Синицын мен полицияның аға лейтенанты Даулетхан Қазыхан қызметтік міндетін орындау барысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Марқұмдардың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Ержан Сәденов.

ҚР ІІМ марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0