«Сорлы надан, мүсәпірлер!»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елдің ашуына тиді (ФОТО)
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көптің ашуына тиді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол оқырмандарының өзгенің өмірін сөз етіп, жеке тіршілігіне араласатынына наразылығын білдіріп, қатаң айыптады.
«Сорлы надан бықсыгүлдер-ай. Жұрттың бұтын аңдып әңгіме қылғанша, боғың ағып, сідігің бетіңе жазылып отырған үйіңді жинасайшы. Бір жеткен жетістігің не жасап жатқан жұмысы жоқ. Әркімнің өміріне бір қызығып, сырттан тон пішіп, сүмелек масыл қатынның рөліне кірген мүсәпірлер», – деп жазды ол.
Дегенмен Айман Талғатқызы бұл жазбасын көп ұзамай әлеуметтік желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.
«Не болды, ауыр тиді ме? Әркім өз деңгейінде қабылдайды, адамның іші қандай болса, сөзді де солай түсінеді. Бәрі құрысын, қазір қызық сұрақ қоямын. Дұрыс жауабын тапқан адамға өз қаласындағы концертке шақыру билетін беремін», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0