«Сучьи хутор»: Ақмола облысының әкімі сөзден жаңылып, масқара болды (ВИДЕО)
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетаудағы «Собачий хутор» деп аталатын елді мекен тұрғындарының ауыр тұрмысы туралы сұраққа жауап беру кезінде күтпеген жерден қателік жіберіп алды — шенеунік бұл ауданның атауын «Сучьи хутор» деп айтып қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Дегенмен әкім сасқан жоқ — әңгімені жалғастырып, өңірдегі абаттандыру жоспарлары жайлы айтып өтті.
Ахметжановтың айтуынша, қазірдің өзінде 100 үйдің тұрғындары көшірілген, ал Вернадский көшесінде 145 пәтерлік жаңа тұрғын үй бой көтеріп жатыр. Алдағы уақытта мектеп, саябақ және спорт кешенін салу жоспарланған.
«Жоспар үлкен, тек аздап сабыр керек. Барлығы қаржыландыруға байланысты», — деді өңір басшысы.
Сіздің реакцияңыз қандай?