«Тағдырға кейде жылап қынжыласың»: Төреғали Төреәлінің жары жазбасымен көпшілікті елжіретті

Маусым 23, 2026 - 11:02
app_badging Маусым 23, 2026 - 11:04
chat_bubble  0 visibility  29
«Тағдырға кейде жылап қынжыласың»: Төреғали Төреәлінің жары жазбасымен көпшілікті елжіретті
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, көпті жылатты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол жазба ретінде өзі шығарған өлең жолдарымен тұңғыш қызы Кәусарды туған күнімен құттықтап, аналық ақ тілегін білдірді.

"Тұңғышым–жанымның сен шамшырағы,
Туылдың алты айыңда асық бәрі.
Өмірге келе сала ауыр дертпен,

Отбасың күресуде міне әлі.

Ботам ау, жанымның сен шамшырағы,

Қытайдың елінде өтті 5- жыл тағы.

Дертіңнен айықтырам деп әкешің,

Дамылдамай келеді жаным әлі.

Құлыным 11 жылың күресумен,

Қанша ота, қанша көзден жас төгілген.

Тағдырға кейде жылап қынжыласың,

Сұрағың қашан жүріп, қашан сөйлейм?

 Ботам ау ата-әженің тұңғыш тәттісің сен,

Қайдан емі қонар деп әуреленген.

Жанарыңнан көретін тауқыметті,

Бізге бере салшы деп дұға еткен.

Қасиетің бар сенде Алла берген,

Ғайыптың сырларынан ілім келген.

Сүйіншілеп келесің отбасыңды,

 Сенімен әрбір күнім бақыт білем.

Құтты болсын, Кәусарым 11 жасың.

Құттықтаймыз халқыңмен дұға тілеп,

Денің сау, армандарың орындалып,

Сүйінші сұрайықшы: Төрештің Кәусар қызы жүріпті деп", – деп жазды ол. 

Көпшілік өлең жолдарының мағынасына терең бойлап, көздеріне жас алғанын жасырмады. Кәусарды туған күнімен шын жүректен құттықтап, тезірек жазылып кетуін тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0