Талдықорғанда 7 жасар баланың мәйіті табылды

Мамыр 26, 2026 - 11:13
 0  8
Талдықорғанда 7 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: krisp_tdk

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, кинологиялық қызмет пен еріктілер жұмылдырылған болатын.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау және олардың жүрген жерін бақылауда ұстау осындай қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0