Талдықорғанда ер адам баласының жылағаны үшін әйелін ұрып-соққан
Талдықорғанда ер адам бір жасар баласының жылағаны үшін ашуланып, әйелін ұрып-соққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 2 қазанға қараған түні болған. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ер адам әйелін таңғы сағат 4-ке дейін ұрып, көмекке келген көршілерге де қарумен қоқан-лоқы көрсеткен. Сондай-ақ оның бұған дейін де әйеліне бірнеше рет күш көрсеткені айтылды.
Полицияға жүгінген әйел күйеуінің дене жарақатын салып, қорқытқанын хабарлаған. Күдікті ұсталып, одан пневматикалық қару тәркіленді.
Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды.
Полицияның мәліметінше, бұған дейін аталған әйелден жұбайына қатысты арыз-шағым түспеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0