Талдықорғанда қонақ үйден 12 жерден пышақталған әйелдің мәйіті табылды
Қылмысын жасыру үшін қонақүйді өртеп кеткен.

Әйелдің денесі қонақ үйдің бірінші қабатында тұтанған өртті сөндіру кезінде табылған.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagramm-дағы krisp.tdk парақшасында жарияланды. Алдын-ала мәлімет бойынша марқұм сол қонақ үйде әкімші болып жұмыс істеген.
Құқықтық орган қызметркерлері істі анықтап-тергеу барысында қонақүйдегі өрт қылмысты жасыру үшін әдейі қойылған болуы мүмкін, деген нұсқаны алға тартып отыр.
24 мамырда сағат 04:14-те Paradise Villa қонақ үйінің қабылдау бөлмесінде өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толығымен сөндірілді, 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлады Жетісу облысының ТЖД.
Полицейлер кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу аясындағы өзге мәліметтер жария етілмейді, — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті берген түсініктемеде.
Сіздің реакцияңыз қандай?






