Талғардағы қанды қылмыс: ұрланған қыздың жағдай белгілі болды

Қыркүйек 7, 2025 - 11:48
 0  344
Талғардағы қанды қылмыс: ұрланған қыздың жағдай белгілі болды
Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Талғар қаласында ұрланып, кейін арнайы жасақ құтқарған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл жайлы адвокат Гауhар Сәриева әлеуметтік желілерде хабарлады. Оның айтуынша, балаға тілінен сегіз тігіс салынған.

Адвокаттың мәліметінше, қылмыскер полицейлерден қашып жүріп, қызды көлікпен бірге жардан құлатып алған. Соның салдарынан бүлдіршін жарақат алып, денесі көгеріп, сызаттар пайда болған.

— Қылмыскер көлікті қызбен бірге жардан тастап жіберді. Бүлдіршін жарақаттарды сол кезде алды, оған қол тигізбеген. Ол шынымен аман қалғанына шүкір, — деп жазды Сәриева.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0