Танымал актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
Алматыда актердің қатысуымен болған оқиға қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлеуметтік желіде ер адамның агрессивті әрекеті түсірілген видео тарағаннан кейін, Алматы қаласы Полиция департаменті тексеріс жүргізген.
Белгілі болғандай, оқиғаға қатысы бар азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Құқық қорғау органдары оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.
Полиция мәліметінше, ол қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, әйелге құрметсіздік танытқан. Сот шешімімен актер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0