Танымал актриса тойының алдында суға батып кетті
24 жастағы ресейлік актриса тойының алдында ажал құшты, деп хабарлайды Sadaq.kz Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Камилла Беляцкая Таиландтағы Самуи аралында суға батып кетті. Актриса теңіз жағасында йогамен айналысып отырған. Алып толқын бойжеткенді суға тартып кеткен. Ақпараттарға сәйкес, актриса ол аралға болашақ күйеу жігітімен барған екен. Олар осы аралда той өткізбекші болыпты. Актриса тойға дайындалып жүрген. Күйеу жігіт екеуі той алдындағы фотосессияны да жасап қойған екен.
Құтқарушылар оқиға орнына 15 минуттан соң жеткенімен, оны таппаған. Актрисаның денесі екі күннен кейін табылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?