Таразда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып-соққан

Мамыр 8, 2026 - 16:57
 0  7
Таразда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып-соққан
фото: baq.kz

Таразда оқушылар қатарластарын тападай-тал түсте ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы жарияланды. Полиция өкілдері қатарластарын ұрып-соққан жасөспірімдерді анықтаған.

5 мамырда «102» арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша шақырту түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мектеп оқушылары профилактикалық есепке қойылды. Олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Жамбыл облысының ПЛ баспасөз қыметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0