Таразда тағы бір әйел күйеуіне ерегісіп баласын соққыға жықты
Әлеуметтік желіде тағы бір ананың өз баласына қатігездік жасап, қол көтерген видеолары тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бейнежазбада сәбидің бетінен шапалақтап, жылатып: «көр,міне, балаңды аяйды деп ойлама» деп айтқанын естуге болады. Тағы бір видеода үлкен ұлына кішкентайын әдейі ұрғызғып, өзі телефон камерасына түсіріп отырған.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, әйел бұрынғы күйеуіне жаялыққа ақша бермегені үшін ерегісіп, баласын соққыға жыққан көрінеді.
Тараз қаласының полициясы ҚК140-бап, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу бастады.
«Баланы жедел түрде медициналық қызметкерлер тексеріп, медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам оқиғаның мән жайын толық, обьективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді», — деді ведомстводан.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында баласын жылу батареясына байлап қойып ұрған ана ұсталған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0