Таразда жаңа жыл түні екі өрт оқиғасы орын алды
Таразда Жаңа жыл түні екі ірі өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды sadaq.kz. Алдымен бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп, кейін мейрамханадан өрт шыққан. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
31 желтоқсан күні сағат 22:18-де бесінші қабаттағы балконнан өрт шығып, жалын бүкіл үйдің шатырына тараған.
Эвакуацияланғандардың ішінде 30 бала бар. Тұрғындар үшін жылыну пункттері ұйымдастырылды.
«Тараздағы Жамбыл даңғылы бойында екі қабатты мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаң өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанармай құю бекетіне таралған жоқ», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге 62 маман мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0