Тарихи жеңіс: «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнайды

Тамыз 27, 2025 - 09:34
 0  49
Тарихи жеңіс: «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнайды
Фото: Қайрат ФК

Алматылық "Қайрат" плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық "Селтикті" өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф раунды аясында өткен кездесудің негізгі уақытында гол салынбады.

Матч пенальти сериясына дейін өтіп, нәтижесінде қазақстандық клуб қарсыласынан басым түсті. "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков шотландиялық команданың үш соққысын қайтарып, алматылық клубқа жеңіс сыйлады.

Пенальти нәтижесі - 3:2.

Айта кетейік, "Қайрат" қарымта кездесуде жеңіске жетіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0