Тбилисидегі наразылықтың бесінші күні: Халық бөгеттер сала бастады

Желтоқсан 3, 2024 - 12:00
Желтоқсан 3, 2024 - 12:13
Тбилисидегі наразылықтың бесінші күні: Халық бөгеттер сала бастады

Грузияда бесінші күн қатарынан еуроинтеграцияны қолдаушылар митингі өтіп жатыр. Үкіметтің ЕуроОдаққа қосылуды кейінге қалдырған шешіміне наразылық білдірушілер Тбилиси мемлекеттік унивеситетінің алдындағы алаңда құқық қорғау органдарын бөгеп ұстау үшін баррикадалар салуды бастады, деп жазады Kursiv.media.

Руставели алаңына жиналған халық Парламент ғимаратына кіретін жолды бекітуді көздеген. Олар құқық қорғау органдарының күштерін күтіп отырғандарын жазған.

«Наразылық білдірушілердің полициямен қақтығысы жеті сағатқа созылды. Таныс схема бойынша жүрді: наразылық білдірушілер арнайы күштерге пиротехника атты. Арнайы күштер оларға көзден жас ағызатын газ капсулаларын шашты. Наразылық білдірушілер газ капсулаларының әсерін жеңілдету үшін бөтелкедегі су шашты», – деп хабарлайды Рaper Kartuli Telegram арнасы.

3 желтоқсан таңертең наразылық білдірушілер Руставели даңғылына қайта оралып, Грузияның ең көне оқу орны — Тбилиси мемлекеттік университетіне бет алды. 

«Таңғы 7 бару қажет! Тбилиси мемлекеттік университетінің баррикада құры жатыр. ІІМ қызметкерлерін күтуде. Наразылық білдірушілер төрт көшенің қиылысын басып алды — Меликишвили, Кекелидзе, Чавчавадзе және Варазишеви», — деп жазады Джавахадзе Telegram арнасы.

Қоқыс жәшіктері мен көше орындықтарынан жасалған бөгеттер Лагиджо мен Бесики көшелерінің қиылысында да пайда болды. 

Тұрғындар 29 қарашада Грузияның Еуропалық одаққа кіруін 2028 жылға дейін тоқтатқан Үкімет шешіміне наразылық білдіріп, стихиялық митингке шықты. Бейбіт акция тез арада қақтығысқа ұласып, полиция наразылық білдірушілерді ұстап, ұрып-соғып, суық су мен газ баллондарды атып бастады. Үкіметтің шешімінен кейін наразылық акциясына елдің президенті Саломе Зурабишвили де қосылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow