Темірлан Анарбеков карьерасын «Фенербахчеде» жалғастыруы мүмкін
Түркиялық бапкер-скаут Әли Эмре «Қайрат» клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековке қатысты пікір білдірді, деп жазады kazfootball.kz.
Оның айтуынша, Түркияның «Фенербахче» командасы сапынан Ифран Джан Эгрибаяд кеткен жағдайда оның орнына Темірлан Анарбеков келуі мүмкін.
«Егер Ифран Джан Эгрибаяд командадан кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының қатарына кіреді. Ол алматылық «Қайрат» сапында бірнеше тамаша матч өткізді. Бельгиямен болған ойында тарихи ірі есепте жеңілістің алдын алды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оны 10-15 миллион еуроға да алу мүмкін болмас еді», – дейді Эмре.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0