«Теріс ағымға кіріп, хиджаб кидім»: Айгүл Иманбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады( ВИДЕО)
Танымал әнші Айгүл Иманбаева ел естімеген сырларын айтып, көпшілік білмейтін құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі 2000 жылдары хиджаб киіп, теріс ағымға кіріп кете жаздағанын жеткізді. Бұл туралы әнші журналист Назира Байырбековаға берген сұхбатында айтты.
«Мен бұл туралы ешқандай сұхбатта айтқан емеспін. Ол 2000 жылдарда киіп, 2001 жылдары болған нәрсе. Мен орамалды өте қатты жақсы көремін. Мені жалпы қазаққа танытқан, ұлтыма танытқан, алақанына аялатқан менің басымдағы орамалым. "Ұят болмасын" бағдарламасында келін Айгүл болып танылдым. Халықтың батасын алды, ықыласына бөлендім. Мен орамал тақсам менің басым рахаттанады. Оны да жақсы білемін», – деді әнші.
Әнші діни сенім мен орамалға келу кезеңіндегі қиындықтармен бөлісті.
«Бірақ өзіңді танып барып, Ислам дініне деген үлкен махаббатпен, құрметпен тереңінен сезініп барып, түбегейлі сопы болып кетпесек те махаббатпен тағылған орамалдың қадірі бөлек болады. Ал менікі олай болмады. 2000-2001 жылдары орамал тақпақ түгілі ол кезде қазекеңнің 100 грамнан қолы тимей жатқан кезі болатын. Діни ағымның түр-түрі Қазақстанға лек-легімен кіріп жатқан кезі болатын. Мен сондай уақытта келдім. Бір ағыммен кірдім. Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен мен ол ортадан шықтым. Мен сол кезде ойладым: "Мен өзімнің Жаратушымды тануым үшін дәл солай тұмшалануым қажет пе? Мен түк білмеймін ғой. Мен өзімді де білмеймін ғой. Мен имамдарға қарағанда ғалымдардан, теологтардан білім алғанды жөн деп санаймын. Бірақ түптің түбінде менің орамалға келерім анық», – деді Айгүл Иманбаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0