«Террорлық шабуыл»: Ақ үй маңында атыс болды

Қараша 27, 2025 - 10:20
Қараша 27, 2025 - 11:12
«Террорлық шабуыл»: Ақ үй маңында атыс болды

АҚШ-та Ақ үйдің маңында атыс болды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Атыс салдарынан Батыс Вирджиния штатының Ұлттық гвардиясының екі сарбазы ауруханада қайтыс болды.

Оқиғаның хронологиясы

Жергілікті уақытпен сағат 14:15 шамасында 17-ші көше мен I көшесінің қиылысында (Фаррагут-Сквер паркінің жанында) белгісіз қарулы адам Ұлттық гвардияның патрульдік тобына оқ жаудырған. Шабуыл мақсатты түрде жасалған: күдікті сарбаздарға жақын қашықтықтан бірнеше рет оқ атқан.
Күдікті де жауап ретінде атылған оқтан ауыр жараланып, оқиға орнында ұсталды. Жаралы екі сарбаз бірден ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер қанша тырысса да екеуін аман алып қала алмады.

Күдіктінің жеке басы анықталды. 29 жастағы Ауғанстан азаматы Рахманулла Лаканвал (Rahmanullah Lakankhel). Ол 2021 жылы АҚШ-тың Ауғанстаннан шығу операциясы кезінде «гуманитарлық парол» бағдарламасы арқылы елге кірген.

ФБР оны «лаңкес» деп бағалап, істі халықаралық терроризм бабы бойынша тергеп жатыр. Мотив әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Атыс болған сәтте президент Дональд Трамп Ақ үйде болмаған. Флоридадағы Мар-а-Лаго курортында болғаны белгілі болып отыр. Ол видеоүндеу жариялап, оқиғаны «террорлық шабуыл» деп атап, күдіктіге «ең қатаң жаза» берілетінін айтты.

Айтуынша, бұдан былай Ауғанстаннан келген барлық иммигранттардың істерін қайта тексеріледі. Сондай-ақ, Ауғанстан азаматтарына гуманитарлық парол беруді тоқтатылады. 
Сонымен қатар Қорғаныс министрі Пит Хегсет Вашингтонға қосымша 500 Ұлттық гвардия сарбазын жіберетінін хабарлады. Қазіргі уақытта Ақ үй мен айналасы қатаң күзет қойылып, оқиға орны толықтай қоршалған

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow