TikTok-тағы тренд үшін қызының маңдайына жұмыртқа жарған әйел сотталды (ВИДЕО)

Швецияда әлеуметтік желілердегі трендті қайталау үшін қызының маңдайына жұмыртқа жарған сәтін таспалаған әйел сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Былтыр жазда Хельсингборг қаласының 24 жастағы тұрғыны қызына алма бәлішін пісіріп, ол процесті видеоға түсіретінін айтқан. Кенеттен әйел жұмыртқаны алып, қызының маңдайына жарады. Бұл сәтті анасы әзіл ретінде қабылдағанымен, қызы маңдайы ауырғанын айтады. Ролик TikTok-та 100 мың қаралым жинады.
Oddity Central басылымының жазуынша, желі қолданушыларының бірі полицияға арыз жазып, анасы баласына зомбылық көрсетті деп айыптаған. Ал анасы болса ол видеоның жай әзіл үшін түсірілгенін айтып, түсіндіруге тырысқан. Оның айтуынша, мұндай видео түсіру сол кезде TikTok-та тренд болған, көп ата-ана сондай роликтер түсірген. Алайда оның бұл айтқандары судьяға әсер етпеді, прокурор бұл әрекетті шектен тыс деп атады.
Ақырында сот Швеция тұрғынына 20 мың швециялық крон ( 1 071 084,53 KZT) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






