«Тым әдепсіз»: Ханбибі Есенқарақызы Дулат Исабековтің асында көңіл айтудың орнына, өзінe мемлекеттік сыйлық сұраған

Ақпан 24, 2025 - 11:30
Ақпан 24, 2025 - 11:46
«Тым әдепсіз»: Ханбибі Есенқарақызы Дулат Исабековтің асында көңіл айтудың орнына, өзінe мемлекеттік сыйлық сұраған

Танымал баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің Instagram парақшасында күні кеше өмірден озған көрнекті жазушы Дулат Исабековтың асында келеңсіз жағдай болғанын айтып, аға буын өкілдері үшін ұялатынын мәлімдеді, деп жазады Sadaq.kz. 

«Қаралы жиындарда зиялы санатына жатқызып жүрген ағаларымыз бен апаларымыздың өзін ұстауы мен сөйлеген сөзі кейде «Бұл қалай сонда?» деген еріксіз ойға қалдырады. Бүгін Дулат Исабековтің асында сөз алған Ханбибі Есенқарақызы марқұмның артында қалған балаларына көңіл айтудың орнына, өзінің мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін алға тартты. Бұл сөзі тым әдепсіз көрінді. Мереке Құлкенов жағдайды жұмсартуға тырысып, «Ендігі рет аласыз» деп әзілге бұрғанымен, мұндай әңгіменің дәл осы жерде айтылғаны ұят болды», – дейді ол.

Баспагер ақын Ханбибі Есенқарақызының бұлай ренжитіндей жөні бар ма екен деп желідегі ақпаратты қарап шыққан.

«Ханбибі апамыздың алмаған марапаты жоқ екен. «Парасат» пен «Барыс» ордендері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» атағы – бәрі бар. Сонда осындай жиында тағы бір марапат жайлы сөз қозғау қаншалықты қажет еді?»,- дейді ол.

Бұқарбай бұған дейін де осындай жағдай болғанын еске алды.

«Бір аста сөз алған Смағұл Елубай марқұм туралы бір жақсы естелік айтып немесе артында қалған ұрпағына жылы тілек білдірсе жарасар еді. Оның орнына, біраз уақытын қазіргі президентті мадақтауға арнады. Бұрынғы басшыны да дәл осылай дәріптеуші еді. Бұл өте жиіркенішті көрініс болды. Осы жазғаным аға буынға жетіп жатса, бір нәрсені ескеріңіздерші: аста біз сияқты жастар да отырады. Жәй ғана отырмай, жағасын ұстап, сіздер үшін испанша ұялып отырады», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow