«Тістері өте берік болған»: Мамандар «вампир» деп есептелген адамның мүрдесін қазып көрді

Мүрденің басына крест пен үшкір қару қойылған.

Қазан 28, 2024 - 10:50
«Тістері өте берік болған»: Мамандар «вампир» деп есептелген адамның мүрдесін қазып көрді

Болгарияда археологтар тірі күнінде "вампир" деп есептеген адамның зтиратын тапты. Қазба жұмыстары Кырджалийск облысында жүргізілген.

Жерлеу кезінде марқұмның мүрдесіне крест пен үшкір қару қойылған. Ерте дәуірде бұл заттар вампирдің тіріліп кетуінің алдын алады деп есептелген. 

"Мамандардың сөзінше, бастапқыда мәйіт балаға тиесілі делінген, себебі бойы небәрі 110 см. Зерттеу кезінде оның ересек адамдікі екені анықталыпты. Дамуында кедергілер болғандықтан, оны қоғамнан алшақтатып тастаған", – деді мамандар. 

Зерттеушілердің айтуынша, адамдар бұл кісіден қорыққандықтан тірі күнінде түрлі жалған әңгіме таратқан. Мұның барлығы оның өте берік тістері мен бас сүйегінің формасы өзгергенімен байланысты екен. 

Еске салайық, бұған дейін Польшаның Пень қаласындағы "адасқан рухтар" зиратынан археологтар XVII ғасырда өмір сүрген, тобығында үшбұрышты құлпы бар "вампир баланың" қаңқасын тапқан еді.

 stan.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow