Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуіне қатысты пікір білдірді

Сәуір 8, 2026 - 09:20
chat_bubble  0 visibility  2
Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуіне қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айбек Смадияровтың жазуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

"Бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0