Тоқаев FIBA президентін «Достық» орденімен марапаттады

Тамыз 25, 2026 - 17:42
chat_bubble  0 visibility  3
Тоқаев FIBA президентін «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл-Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Кездесу барысында Президент FIBA-ның Қазақстан баскетболын дамытуға көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалап, ұйым басшысына Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде баскетбол балалар мен жастар арасында кеңінен танымал спорт түрлерінің біріне айналды. Қазақстаннан әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен белгілі баскетболшылар шыққанын да тілге тиек етті.

Президент елімізде 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық артып келе жатқанына ерекше назар аударды. Тараптар бұқаралық және кәсіпқой баскетболды дамыту, спорттық резерв даярлау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Сауд Али Әл-Тәни Қазақстанда баскетболға көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын білдіріп, FIBA-ның спорттың осы түрін одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға қосқан үлесі үшін FIBA президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0