Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Грузия Премьер-министрін қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзені Тәуелсіздік сарайында қарсы алу рәсімі өтті.
Осы сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін мәртебелі мейманның ресми сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысы мен Грузия Премьер-министріне сәлемдік баянат берді.
Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін шағын құрамдағы келіссөз басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0