Тоқаев: Жасанды интел­лект мамандандырылған зерттеу уни­вер­ситеті ашылады

Қаңтар 5, 2026 - 10:33
Қаңтар 5, 2026 - 10:42
 0  11
Тоқаев: Жасанды интел­лект мамандандырылған зерттеу уни­вер­ситеті ашылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұқбатында «Жасанды интеллект» тақырыбы бойынша да сөз қозғады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Президенттің сөзінше, Қазақстан – цифрлық державаға ай­налуы керек. Себебі қазіргі жаңа тех­но­ло­гия дәуірінде өркениетті ел болып қалу­дың бірден-бір жолы дейді.  

«Қазақстан да экономика мен қоғам­дық өмірге жасанды интеллектіні енгі­зу­ге басымдық беріп жатыр. Еліміздің бұл жұмысқа қатысты бастапқы мүм­кін­діктері жаман емес. Мемлекет көр­сететін қызметтерді, қаржы тех­ноло­гия­ларын, экономиканың бірқатар сек­то­рын цифрландыру ісінде нақты же­тіс­тік­теріміз бар.

ІТ-стартаптарды қол­дай­тын толыққанды экожүйе тиімді жұмыс іс­теп тұр. Екі мың компанияның басын қос­қан Astana Hub инновациялық клас­тері де бар. 2025 жылы ІТ-қызметтердің жалпы экспорты бір миллиард долларға жуықтады. Цифрлық активтерге арнал­ған CryptoCity пилоттық аймағы құры­лып жатыр. Жедел дамитын Alatau city қаласының құрылысы басталды. Мем­ле­кеттік деректерді жинау және талдау жұмысының қарқыны күшейіп келеді. Кәсіби мамандар мұндай деректерді ал­­дағы дәуірдің жаңа алтыны деп са­най­ды. 
Былтыр мамыр айында Жасанды ин­теллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысын бастады. Оған шетелдің және еліміздің беделді сарапшылары ша­қы­рылды»,–дейді Тоқаев. 

Қарашада «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойылды, жаңа заң жа­қында күшіне енеді. Жасанды ин­теллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

«Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютер іске қосылды, Астана әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал компаниясы­мен бірлесіп, дербес платформа құрды. 
Кәсіби кадрларды даярлау үшін мек­тептер мен университеттерде тиісті бі­лім беру бағдарламалары жүзеге асы­ры­лып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында бі­лім алды. Көп ұзамай Жасанды интел­лект мамандандырылған зерттеу уни­вер­ситеті ашылады»,– дейді Президент.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0