Төрт күннен бері табылмай жатыр: Атырауда аңға кеткен азаматты достары далаға тастап кеткен

Желтоқсан 19, 2025 - 11:42
 0  2
Төрт күннен бері табылмай жатыр: Атырауда аңға кеткен азаматты достары далаға тастап кеткен

Атырауда достармен бірге аңға шығып, төрт күннен бері хабар-ошарсыз кеткен азамат әлі табылмай жатыр. Іздестіру операциясына тікұшақ, дрон тіпті сарабаздарға дейін жұмылдырылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Тредс әлеуметтік желісінде жоғалған азаматтың қызы Асылай  әкесі жоғалған күннен бастап жанұшыра іздеу салған. Айтуынша, әкесінің достары оны жапан түзде жалғыз қалдырып, өздері әкесінің көлігін мініп ауылға қайтқан. 

61 жастағы Өтебай Сабыров 14 желтоқсан күні екі танысымен бірге аң аулауға аттанған. Алайда келесі күні серіктері оның ұшты-күйлі жоғалғанын айтып, қалаға өздері жалғыз қайтып келген. Жанында болған достары «біз көлік жөндеп жатқанда, ол мылтықты алып, аң аулауға кеткен» деп сөзді қысқа қайырған. 

Ұшты күйлі жоғалған Өтебай Сабыровтың әйелі Шұға Әймішова аңға бірге барған адамдардың сөзіне күмән келтіріп отыр. Яғни, бір жағдайды жасырып айтпай отыр деп күдіктенеді.

Полиция жоғалған кісінің қасында болған адамдардан жауап алынғанын мәлімдеді. 

«Тергеп-тексеруде аталған екі азаматтан тиісті жауаптар алынды. Алайда  тергеп-тексеру ісінің шеңберінде өзге мәліметті жариялай алмаймыз. Қазір ол адамдар Жылыой ауданында. Сол жерде Атырау облысы полиция департаментінің басшы құрамымен бірге іс-сапарға қызметкерлер жұмылдырылды, сол жерде тиісті жұмыс атқарылуда», -деді Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жұмабаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0