Трамп Украинадағы соғысқа кінәлі адамды атады

Сәуір 15, 2025 - 10:31
Сәуір 15, 2025 - 11:08
Трамп Украинадағы соғысқа кінәлі адамды атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс үшін Путинді айыптап, атысты тоқтату туралы дедлайн бергенін хабарлады. Алайда дедлайнның нақты мерзімін ашып айтпады, хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы. 

14 сәуір күні Ақ үйде Сальвадор президенті Наиб Букелемен кездесуі барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа үш адамды кінәлі екенін айтты. 

«Миллиондаған адамның өліміне үш адам кінәлі — айталық, бірінші — Путин, екінші — Байден, ол не болып жатқанын мүлде түсінбеді, және Зеленский. Осы үшеуінің кесірінен миллиондаған адам өлім құшты», – деді Трамп. 

Сондай-ақ ол өзінің осы соғысты тоқтатуға тырысып жатқанын, атысты тоқтатудың соңғы мерзімін белгілегенін айтты. Бірақ нақты қай мерзім туралы екенін ашып айтпады.

Трамп бұған дейін де Truth Social желісінде Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты өзінің алдындағы президент — Джо Байденнің соғысы деп атап, өзі бұл қақтығысқа қатысы жоқ екенін, бірақ өлім мен қиратуды тоқтату үшін барынша тырысып жатқанын жазған еді.

Трамптың пікірінше, Зеленский мен Байден «бұл былықтың басталуына жол беріп, өте нашар жұмыс атқарды»:

«Байден де, Зеленский де бұны тоқтата алар еді, ал Путин бұны ешқашан бастамауы керек еді. Барлығы кінәлі. Бұған жол бермеудің көптеген жолы болған, бірақ енді бұл – өткеннің еншісінде».

«Қазір біз мұны шұғыл түрде тоқтатуымыз керек», – деп жазған АҚШ президенті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow