Трампқа тағы да импичмент қаупі төне бастады

Сәуір 7, 2025 - 11:30
Сәуір 7, 2025 - 11:31
Трампқа тағы да импичмент қаупі төне бастады
Дональд Трамп. Фото: Evan Vucci / AP Photo

АҚШ Конгресінің мүшесі, Демократиялық партия өкілі Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін бастамақ ниеті барын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

5 сәуір 2025 жылы өткен “Қолыңды тарт!” атты наразылық митингі барысында сөйлеген Грин: Алдағы 30 күн ішінде АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент процесін бастаймын, – деп мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына және енгізген импорттық баж салығына қарсы жаппай наразылықтар басталған еді.

Өз кезегінде Дональд Трамп америкалықтарды баж салығына байланысты қиын кезеңдер күтіп тұрғанын ескерткен, бірақ соңында бұл қадамның “тарихи нәтиже беретінін” уәде еткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow