Трампқа қарсы қылмыстық іс бойынша тыңдалым аяқталды: Үкімді алқабилер шығарады

Мамыр 29, 2024 - 13:00
Мамыр 29, 2024 - 13:00
Трампқа қарсы қылмыстық іс бойынша тыңдалым аяқталды: Үкімді алқабилер шығарады
Фото: reuters.com

Нью-Йоркте 2016 жылғы сайлау қарсаңында сайлаушылардан порно актриса Сторми Дэниэлске берілген төлемді жасыру мақсатында қаржылық есептілікті бұрмалады деп айыпталған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты тарихи қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы bbc.com-ға сілтеме жасап.

Тыңдалым бір жарым айға созылды. Істің барлық егжей-тегжейін анықтау үшін сотқа негізгі куәгерлер (соның ішінде Дэниэлстің өзі де бар) шақырылды, олардан прокурорлар да, экс-президенттің адвокаттары да кезек-кезек жауап алды. Трамп барлық уақытта залда болды.

Сейсенбіде сот тараптардың қорытынды дәлелдерін тыңдады. Әдетте, тыңдаулым сағат 16:30 шамасында аяқталатын, бірақ соңғы күнгі тыңдалым кешкі 20:00-ге дейін созылды.

Трамптың адвокаты Тодд Бланш шамамен үш сағат сөйледі, Манхэттен аудандық прокуратурасының өкілі Джошуа Стейнгласс — бес сағаттан астам дәлел келтірді.

Судья Хуан Мерчан алқабилерге сәрсенбіде соңғы нұсқаулар беретінін айтты, содан кейін олар үкімді талқылауға баруы керек.

Олардың міндеті - басты сұраққа жауап беру: прокурорлар Трамптың сайлауға дейінгі іскерлік құжаттаманы бұрмалағаны үшін кінәні дәлелдей алды ма?

Айыптау немесе ақтау үкімі үшін алқабилердің бірауыздан жасалған үкімі қажет.

Дональд Трамп 2016 жылғы президенттік сайлау қарсаңында сторми Дэниэлске 130 мың доллар төлеуге негіз болған іскери құжаттаманы бұрмалады деп айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow