Трамптың күзеті 20 жастағы жігітті атып өлтірді
Дональд Трамптың жеке күзеті 20 жастағы жігітті атып өлтірді. Бозбала АҚШ президентінің жеке үйіне басып кіріп, өртемекші болған. Трамптың өзі бұл туралы пікір білдірмеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Трамптың күзеті, яғни АҚШ Құпия қызметі 20 жастағы жігітті атып өлтірді. Ресми мәлімет бойынша, ол президенттің Мар-А-Лагодағы жеке үйіне баса-көктеп кірген. Артынша, тіпті өртемек болған. Кейін белгілі болғандай, қаза болған жігіт Остин Такер Мартин есімді Солтүстік Каролина штатының тумасы болып шықты.
"Күдікті резиденция аумағына кірген кезде шериф көмекшісі мен құпия қызметтің екі агенті онымен бетпе-бет келді. Оның қолында жанармай құйылған құты мен мылтық болды. Күзетшілердің заңды талабын тыңдамай, күдікті мылтық кезене бастады. Сол кезде құпия қызмет агенттері оқ жаудыруға мәжбүр болды", - дейді Палм Бич қаласының шерифы Рик Бродшоу.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0