Циклон ауысады: Еліміздің қай өңірлерінде аптап ыстық болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды saDaq.kz cайты Massaget.kz-ке сілтеп.
Жаңбыр, найзағай және температураның көтерілуі
Алдағы күндері Қазақстан аумағында циклондық әрекет күшейеді. Соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен дауыл күтіледі. Тек елдің шығысында, 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
"Күшті жаңбыр 20 мамыр түнінде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамыр күні Ақтөбе облысында жаууы мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Ал оңтүстік-батыс пен шығыс өңірлерде тұман түседі", – делінген хабарламада.
Қазақстандағы ауа температурасы қалай өзгереді?
Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура 18-28 градустан 15-25 градусқа дейін төмендейді;
Солтүстікте: күндіз 20-26 градустан 20-29 градусқа дейін көтеріледі;
Орталық пен шығыста: 20-28 градустан 22-33 градусқа дейін көтеріледі;
Оңтүстікте: 25-35 градустан 28-38 градусқа дейін ыстық болады;
Оңтүстік-шығыста: 22-30 градустан 30-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Мамырдағы ауа райы қандай болады?
Бұған дейін "Қазгидромет" мамыр айындағы ауа райы жайлы мәлімет берген еді. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің соңғы айында елдің басым бөлігінде ауа температурасы қалыптыдан 1 градус жоғары болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






