«Туған күніне Hyundai Palisade автокөлігі»: Асқар Жұмаділдаев белгілі кәсіпкерден қымбат сый алды (ВИДЕО)

Ақпан 25, 2026 - 16:33
 0  15
«Туған күніне Hyundai Palisade автокөлігі»: Асқар Жұмаділдаев белгілі кәсіпкерден қымбат сый алды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал математик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне ерекше сый жасаған кәсіпкер Жұмабек Жанықұл оған жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, сыйлық ретінде ғалымға Hyundai Palisade көлігі табысталған. Бұл тосынсый мерейтой құрметіне арнайы ұйымдастырылған.

"Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді", - деп жазды Сырымбек Тау. 

Желі қолданушылары мен әріптестері Асқар Жұмаділдаевты мерейтойымен құттықтап, оның ғылымға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Көпшілік белгілі математикке денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа жетістіктер тіледі.

Айта кетейік, Асқар Жұмаділдаев – Қазақстандағы математика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0