Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары еңбек демалысын ала алады
Күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті.
Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары еңбек демалысын ала алатын болады.
Еңбек кодексінің «Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлігіне енгізілген түзетулерге сәйкес жұмыс берушілер тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге ақысыз демалыс беруге міндетті.
«Жұмыс беруші тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті» делінген түзетуде.
Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.