Түркістан облысында көпір құлады

Желтоқсан 18, 2025 - 10:31
 0  0
Түркістан облысында көпір құлады

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі опырылып, құлап түсті. 

Оқиға 17 желтоқсанда болған. Желіде оқиға сәтінен түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. 

Келес ауданы әкімдігінің мәліметінше, көпірдің опырылуына дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы алдын ала шектелген. Дегенмен нысанның қауіпті жағдайда болғанына қарамастан, не себепті уақтылы күрделі жөндеу жүргізілмегені әзірге түсіндірілген жоқ.

Қазіргі уақытта көпір орналасқан аумақта көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жүргізушілер үшін айналма жол қарастырылып, жергілікті билік ұзындығы 10–15 шақырымды құрайтын уақытша бағытты пайдалануға кеңес беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0