«Тоғызы бала»: Түркістанда алапат өрттен 12 адам қаза тапты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қараша 18, 2025 - 09:21
Қараша 18, 2025 - 09:30
«Тоғызы бала»: Түркістанда алапат өрттен 12 адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, оның 9-ы бала, деп хабарлайды sadaq.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД "101" пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.

"Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow