Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

Сәуір 2, 2026 - 09:29
app_badging Сәуір 2, 2026 - 09:40
chat_bubble  0 visibility  1
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған 2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлы полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде аман-есен табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірім 21 наурыз күні Ордабасы ауданындағы үйінен шығып, Түркістан қаласына барған. Алайда содан кейін жақындарымен байланысқа шықпай, жоғалып кеткен.

Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Тәжірибелі жедел уәкілдер жұмылдырылып, баланың жүрген бағытын анықтау үшін бейнебақылау камералары мұқият зерделенді.

Іздестіру барысында жасөспірімнің телефоны үйінде қалғаны анықталып, бұл жағдай іздеуді күрделендірген. Полицейлер алдымен Түркістан қаласын толық тексеріп, кейін көршілес Шымкент қаласында іздестіруді жалғастырды.

Нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім Шымкенттен табылып, ата-анасына табысталды. Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына алаңдаушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдары мен тұрғындарға алғыс айтып, ата-аналарды балаларымен тұрақты байланыста болып, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0