«Түрмеден шықтық»: такси жүргізушілерінің қатарын бұрын сотталғандар толықтырып жатыр ма?

Пікір иелері түнде жүруге қорқады

Қараша 26, 2025 - 11:22
Қараша 26, 2025 - 11:27
«Түрмеден шықтық»:  такси жүргізушілерінің қатарын бұрын сотталғандар толықтырып жатыр ма?
Фото: istockphoto.com

Threads әлеуметтік желісінде Карина Ғайниева есімді қолданушы өзінің інісінің басынан өткен жағдайды баяндап берген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ол такси жүргізушісі өзінің біртүрлі әрекетімен інісін шошытқанын айтып, шағымданған.

«Ол бірге оқитын қызбен бірге Indrive арқылы такси шақырған екен. Алдымен қызды үйіне апарып тастаған, ол кезде бәрі жақсы болған. Сосын әрі қарай жүре бергенде, жүргізуші інімнен «Қайда оқисың? Қайда тұрасың?» деп сұрай бастайды. Артынан тіпті «Мен кісі өлтіргенім үшін түрмеде отырғанмын» деп айтыпты. Інім, әрине, қорқып қалған. Бірақ бұдан да жаманы жүргізуші бағытты өзгертіп, «басқа жолмен барамын» дейді. Шамамен сағат түнгі 2. Айналада ешкім жоқ. Қараусыз, адам жоқ жерге барып, көлікті тоқтатып алып, жай ғана отырып алған», - дейді Ғайниева.

Түнде ай далада осындай жүргізушімен қалған інісінің зәре-құты қалмапты.

«Абырой болғанда, сол маңнан кездейсоқ патрульдік полиция көлігі өткен. Оны көрген бойда жүргізуші қайтадан қозғалып кеткен. Полиция болмағанда не болатынын елестеткім де келмейді. Жай ғана ескертіп отырмын, әлі күнге дейін еске түсірсек денеміз түршігеді. Абай болыңыздар, әсіресе түнде», - деп жазды ол.

Indrive жеткізу қызметі бұл оқиғаға қатысты өз пікірлерін жазған.

«Біз бұл сапардың барлық егжей-тегжейін зерттедік. Бұған дейін бұл жүргізушіге қатысты осындай шағымдар түспеген, бірақ біз әрбір жағдайға мұқият қараймыз. Тексеру әлі жалғасып жатыр және біз жолаушымен қайта байланысқа шығамыз», - деген олар.

Желі қолданушысының жазбасына өзге де жолаушылар пікірлерін жазған.

«Маған да «Яндекс» бойынша келген таксист тура осындай әңгімені айтты. Өзі «отырғанын» айтып, түрмедегі өмірін баяндады. Шынымен қорқынышты болды. Мен түсінбейтінім, такси жүргізушілерінің қатарын бизнесмендер емес, бұрын сотталғандар толықтырып жатыр ма? Ол қалай отырғанын, қазір қалай өмір сүріп жатқанын айтып келді. Мен оған «Менің әкем де отырған, ол «вор в законе» болған, арнайы тату да бар. Өзі беделді болған, соның арқасында маған ешкім тиісе алмайтын. Сен Арманды танисың ба?» деп сұрадым. Содан кейін жол бойы үнсіз отырдық», - деп жазды Айжан Алпысбай.
 

Тағы бір тұрғын Indrive жүргізушісіне қатысты осындай жағдай болғанын жеткізді.

«Мен қызымды Астана қаласы Қошқарбаев көшесіндегі балалар ауруханасына апару үшін такси шақырдым. Бұл шамамен күндізгі 13:00-де болатын. Бірақ такси орнынан қозғалмады, тапсырысты да жоймады. Қоңырау шалдым, жауап бермеді. Маған 17:00-ге дейін барып қайту керек еді, өйткені баламды балабақшадан алып үлгеруім қажет болды. Сондықтан Indriver шақырдым. Келген жүргізуші жол бойы түрлі қорқынышты әңгімелер айтып отырды. Өзі түрмеде отырғанын айтты. Тіпті «біреуді өлтіріп қойсам, маған ештеңе болмайды, тағы да отырып, қайта шығамын» деді. Қызыммен бірге қатты қорықтым. Оның үстіне айналма жолмен апарды», - дейді Айнұр Айтбайқызы.
 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow