«Тұрсынбектің қызын жақтырмай тұр»: Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Шілде 29, 2025 - 09:54
«Тұрсынбектің қызын жақтырмай тұр»: Гүлзира Айдарбекова сынға қалды
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың бір видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Үнсайд сайты.

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірі бөліскен жазбада әнші Қайрат Нұртастың анасы өз үйінде түсірген видеоны жариялаған.

Бірақ видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымға көрсетілген көзқарас көпшіліктің көңілін күпті етті. Бейнежазбада жас қыздың есік алдында босағада тұрып қалғаны көрінеді. Алайда үй иелерінің бірі де қонаққа "төрлет" деп, ілтипат білдірмеген.

Желі қолданушылары мұны қазақы тәрбиеге жат қылық деп бағалап, өткір сын айтты.

"Босағада тұрған қызға төрге өт дейтін бір адам табылмағаны қалай?", "Қонақты табалдырықта қалдыру – өзіңнің қандай екеніңді көрсетеді", "Суық амандасып, қолынан телефонын тастамаған келіндерге қарап ішім ашыды", "Төрлет деп айтпағаны – қазақы салттан алшақ кеткеніміздің белгісі", – деді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow