Украиналық дрондар тағы да Wildberries қоймасын атқылады (ВИДЕО)
Украиналық ұшқышсыз аппараттардың шабуылынан кейін Екатеринбургтегі Wildberries қоймасында өрт шықты,деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қойма қызметкерлері алдын ала эвакуацияланды. Тауар жеткізілімдері басқа қоймаларға бағытталған.
Свердлов облысының губернаторы Денис Паслер 7 тамызға қараған түні аймақ тұрғындарына ұшқышсыз аппараттар қаупі режимі туралы ескерткен болатын. Шабуылдың салдары туралы ол хабарламады. Кольцово әуежайында түнде ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға шектеулер енгізіліп, таңға қарай олар алынып тасталды.
Президенттің Орал федералды округіндегі өкілетті өкілі Артем Жога украиналық дрондардың Екатеринбургтегі қоймаға шабуыл жасағанын растады. Оның айтуынша, 800 адам эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0