Ұлттық банктің бұрынғы төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды – БАҚ

Қазіргі уақытта Пірматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Қазан 3, 2024 - 10:37
Қазан 3, 2024 - 10:38
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды – БАҚ

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ғалымжан Пірматовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тарады. 

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Пірматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Еске сала кетсек, Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкті 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін басқарған, ал бұған дейін 2017 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқармасының төрағасы, 2015 жылдың желтоқсанынан Ұлттық банктің төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow