Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: Прокурор айыпталушыларды өмір бойына соттауды сұрады
Яна Легкодимованы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірген екі жігітке қатысты сот процесі аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимов Янаны өлтіріп, мәйіті мен телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдары марқұмның денесін 8 ай дегенде тапты.
"Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы қылмыс ізін жасырумен, ерекше қоғамдық қауіппен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады", - деді Бас прокуратура өкілі.
Сот отырысында бүгін прокурор күдіктілерге ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сіздің реакцияңыз қандай?