Танымал журналист Нәзия Жоямерген біраздан бері әлеуметтік желіде қазақ қыздарын қаралап жүрген діншіл жігітті заңды жауапқа тартуды сұрап жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
Еске салып өтейік,
Democrat.kz. сайты "қазақ қыздарын пайдаланып, төсек құралы етіңдер", "ажырасқан, баласы бар әйелдерге үйленбеңдер" деген сыңайда қазақтың қыздарын қорлайтын сөздерімен ТикТокта "танымал" болып жүрген бұл діншіл жігіт туралы бірнеше рет жазды.
Әр сөзінде қыздарды құнсыз, түкке алғысыз етіп көрсетіп, "реті келсе, қыздармен тек төсектес болыңдар" деуді әдетке айналдырған бұл діндардың сөздері қоғамның ашуын тудыруда.
Осы діндардың сөзіне байланысты: "Мына жүндібас “Қыздарға центр вселенная, королева сияқты қарамаңдар. Оларға секс игрушка ретінде қараңдар” деп қыртып отыр. Сірә, шешесіне әкесі секс игрушка ретінде қараған шығар. КНБ қайда?!!
Мынадай малдарды неге жазаламайды? Арабтардың қыз, әйелді адам құрлы көрмейтін малдығын насихаттап отыр мынау. Атам Қазақ Қызға төрінен орын берген, Қыз - қонақ деп, сыйлаған, еркелеткен, аялап өсірген. Анаға ерекше құрметпен қараған.
“Жұмақтың кілті - Ананың аяғының астында” деген. Ал мына жүндібас сияқтылар әйелдерді екіқабат қылып, сосын үш рет талақ айтып, тастап кете береді.
Тұмшаланып алатын қатындары да мал сияқты, талақтан кейін басқа еркекке әйел бола салады. Тірі жетімдер көбейген. Сонда Қазақтың ұлттық менталитеті, отбасылық құндылықтары, адами қасиеттері қайда қалады???
КНБ қайда қит етсе, ұлттық қауіпсіздікті көлденең тартатын? Белсенділер жалғыз өзі пикет ұйымдастырса, абақтыға сүйрейтін полиция қайда?
Қоғамдағы өзекті мәселелерге алаңдап, Фейсбукқа жеке пікір жаза қалсаң, төбеңнен тоқпақтайтын АП қайда? Идеологияға жауап береді ғой бәрі. Неге қимылдамайды??? Жауапқа неге тартпайды?!" Деп жазды
Нәзия Жоямерген.