«Ұл бала дүниеге келді»: Дәрігер ұшақ бортында толғағы басталған жүкті әйелді құтқарып қалды
Астана-Орал бағытында ұшақ бортында хирург дәрігер жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Болған оқиға туралы хирург Таубай Байжекенов Threads желісінде өзі жазды.
“Кеше Астана-Орал рейсінде ерекше жағдай болды. Ұшу кезінде жүкті әйелдің толғағы басталып, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Дәрігер ретінде мұндай сәттерде сабыр сақтап, барлық білім мен тәжірибені дұрыс қолдану өте маңызды. Дүниеге ұл бала келді. Алла қаласа, ол өсіп, алғашқы қадамдарын жасап, өмірде өз жолын табады. Барлығы сәтті аяқталды. Осындай сәттер менің мамандығымның қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін еске салады”, – деп жазды ол.
Таубайдың айтуынша, бала ұшақта дүниеге келмеген.
“Әйел ұшақ бортында толғатқан жоқ, толғақ тоқтап қалды. Әйел жүктіліктің 27 аптасында екен. Оның қосымша сырқаты бар еді, оның үстіне қан кетті. Сондықтан ұшақ шұғыл қонды. Әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Кейін оның ұл бала босанғаны белгілі болды”, – деп дәрігер пікірлерде хабарлады.
Компания өкілдерінің айтуынша, ұшу қауіпсіздігімен қатар жолаушылардың өмірі мен денсаулығы – ең бірінші орында. Осындай жағдайларда барлық шешімдер медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып және ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, жедел түрде қабылданады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0