«Ұл-қыздарыңды тастамаңдар!»: Мөлдір Мұқан әкелерге үндеу жасады
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан әкелерге үндеу жасап, желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында әкелерге арнап жазба жариялап, балаларын тастап кетпеуге шақырды.
“Әкелер, ақ некемен дүниеге келген ұл-қыздарыңды тастамаңдар. Олар өмірге келгеніне кінәлі емес. Тастағандар Алланың аманаттарына қиянат жасағандар. Үлкен күнә”, – деп жазды ол.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік продюсердің сөзін бұрынғы жары, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қарата айтылған астарлы үндеу деп қабылдады.
Алайда Мөлдір Мұқан жазбасында ешкімнің есімін атамаған. Соған қарамастан, пікір қалдырған оқырмандар оның бұл үндеуі бұрынғы отбасылық өміріне қатысты болуы мүмкін екенін алға тартып, түрлі болжамдарын жарыса жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0