«Ұлының ернінен сүйген»: Ерсі әрекетке барған астаналық әйел жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Қазан 6, 2026 - 13:03
chat_bubble  0 visibility  5
«Ұлының ернінен сүйген»: Ерсі әрекетке барған астаналық әйел жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанада әйел адамның кішкентай баланың ернінен сүйген видеосы жарияланды. Полиция қызметкерлері осыған байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Астана қаласының Полиция департаменті таратқан хабарламаға сүйенсек, видеодағы әйел адам бүлдіршіннің анасының құрбысы болып шықты. 23 жастағы әйел адамның бұл ісіне қатысты тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, құқықтық баға беретін болады.

«Бұған қоса, аталған фактіні өзінің ұялы телефонының камерасына түсірген баланың анасы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, желіде тараған бұл видео қоғамда резонанс тудырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0