Z-блогерлер Ресей әскерінің Купянскіден айырылғанын хабарлады

Желтоқсан 25, 2025 - 15:29
 0  1
Z-блогерлер Ресей әскерінің Купянскіден айырылғанын хабарлады

Ресей әскері Купянскідегі бірде-бір аумақты бақылап отырған жоқ деп жазды z-блогерлер. Мұны "Агентство" басылымы таратты.

"Рыбарь" телеграм-арнасының жазуынша, Ресей әскері Оскол өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды бақылауынан шығарып алған. Ал Купянскінің өзінде жағдай "онан да күрделі". Ал Ресей әскерінің қорғанысы жүйесіз сипат алған.

"Рыбарь" жариялаған әскери қимыл картасына қарағанда, қаланың басым бөлігін Украина күштері бақылауда ұстап отыр. Өткен жұмада ғана солтүстік бөлігін Ресей бақылауында болған еді.

Арна авторларының сөзінше, бұған Ресей әскерінің "жетістіктерін үнемі асыра сипаттау" мен "жоғарыға дұрыс емес ақпаратты беру" себеп болған. Арна авторларының айтуынша, жоғары жаққа жағдай дұрыс емес баяндалғаннан кейін Купянскіге берілуі керек болған резерв өзге аумаққа жіберілген.

"Два майора" z-арнасының жазуынша, Купянскіні "басып алғаны жөнінде" дұрыс емес ақпарат берілмегендіктен оған бағытталған резерв берілмей, әскерилер тіпті өздері басып алған аумаққа дұрыстап орныға алмаған.

"Военный обозреватель" z-арнасы алдағы уақытта "Купянскінің азат етілгені туралы үшінші рет" еститін болармыз деп жазды.

Ресей президенті Владимир Путинге Купянскіні Ресей әскерінің басып алғаны жөнінде ақпарат алғаш рет 29 қарашада айтылған. Желтоқсан басында Путиннің өзі де Ресей әскері бір аптадан бері қаланы бақылауда ұстап отыр деп мәлімдеген.

12 желтоқсанда Купянскіге Украина президенті Владимир Зеленский де барды. Бірақ 19 желтоқсанда тікелей эфирдегі жиын кезінде Путин қаланың Ресей әскері бақылауында екенін айтып, украин басшысының видеосының "фейк" екенін меңзеген.

Соғысты зерттеу институтының дерегінше, Украина күштері қаланың басым бөлігін бақылап отыр.

Украина қорғаныс министрлігіне жақын DeepState жобасы Купянск аумағындағы картасын 12 желтоқсаннан бері жаңартпаған.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0