Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Сәуір 1, 2026 - 11:48
 0  16
Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды
Фото: видеодан кадр

Алматы қаласы Полиция департаменті заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Соттың қаулысымен бұрын тонау қылмысын жасаған күдіктіге қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді", – дейді полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, блогердің парақшасына 1 миллиондай адам жазылған.

Ал оның профилінде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні айтылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0