«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған»: Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Сәуір 13, 2026 - 19:21
chat_bubble  0 visibility  3
«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған»: Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Фото: polisia.kz

ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қ.-ны ұстады.

«Аталған азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды — іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0